21
сентябрь
2017
" Тілім менің - қасиетім, ардағым" атты тәрбие сағаты өтті
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіріп,ана тілі туралы өлеңдер,нақыл сөздер,
мақал-мәтелдер айту арқылы сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Ана тілін сүюге,ардақтай білуге тәрбиелеу,өз ойын толық жеткізе алатын білімді,саналы, салауатты, жан-жақты рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында физика пәнінің мұғалімі Ақмарал Тайшикова 6-сынып оқушыларымен "Тілім менің - қасиетім, ардағым" атты тәрбие сағатын өткізді.
Посмотреть онлайн файл: Tlm-men-asietm-ardaym.doc