"Үйренейік,ізденейік жас маман"атты "Талапкер"жас мамандар бірлестігі апталығы өтті.
21.04-25.04.25 аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылы орта мектебінің "Үйренейік,ізденейік жас маман"атты "Талапкер"жас мамандар бірлестігі апталығы өтті.
21.04- і күні апталықтың ашылуы,22.04-і күні 8-сыныпта "Музыка старого дома"тақырыбында орыс тілі пәнінен Т.Хамитбекова ашық сабақ өтті.Сабақта мұғалім тақырыпқа қатысты оқушы қызығушылығын арттыратын әртүрлі интернет ойындарын ойнатып, баланың орыс тілінде өз ойын айтуға мүмкіндік жасады.
23.04-і күні "Магниттік азимутты анықтау"тақырыбында жас маман АӘД мұғалімі А.Кеңесбек ашық сабақ өтті.Практикалық жұмыс барысында оқушыларға тақырып бойынша тиісті мағлұматтар берілді.
24.04- і күні 4 және 6 -сыныпта орыс тілі пәні мен көркем еңбек пәндерінен жас мамандар Г.Тұяқбай мен Г.Асылбекова интерактивті тақта пайдаланып сабаққа қатысты бейнеролик,слайдтар арқылы сабақ мазмұнын аша білді.
25.04-і күні 6-сыныпта ағылшын тілі пәні мұғалімі З.Замедин " Jobs"тақырыбында ашық сабағын уордуолл бағдарламасының тақырыпқа қажетті әртүрлі тапсырмалары мен ойындарын ойнатып,оқушыда сабаққа деген құлшыныс туғызды.
"Сынып жетекшісі-ол кім?"тақырыбында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Айқараева жас мамандарға сынып жетекшіжұмысының қыр-сырымен таныстырды.
Мектеп психологы Н.Рахымбай жас мамандарға қиын баламен қалай жұмыс істеу қажеттігі туралы мағлұмат беріп,сауалнама түрлерімен таныстырды
Мектептің тәжірибелі математика пәні мұғалімі А.Әбітаева жас мамандарға бағалаудың түрлі тәсілдерін өз іс-тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып түсіндірді,жас мамандар да көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Апталық соңында барлық өтілген ашық сабақтар мен басқа да жұмыстар қорытындыланды .Апталықтан әр жас маман өздеріне қажетті мағлұматтар алып,бір-бірімен тәжірибе алмасты.








