«Ұлттық валюта күні»

15 қараша Ұлттық валюта күніне орай өткізілген «Ұлттық валюта күні» атты ашық сынып сағаты өтті.
Мақсаты, Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру,өзге мемлекеттің валюталары туралы түсінік беру. Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу,ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету,тілді құрметтеуге баулу. Өз Отанына мақтаныш сезімін ояту.
Бөлтірік шешен ауылы Шоқан Уалиханов орта мектебінің 5 «А» сыныбымен «Ұлттық валюта» күніне орай ашық сынып сағаты өткізілді.
Ашық сынып сағатында сынып жетекші М.Шахановтың «Төрт ана» атты видеоролик көрсетті. Оқушылар Тәуелсіз елімізге арналған өлең шумақтарын жатқа айтып, жасырған жұмбақтарды шешіп, «Теңгенің шығу тарихы» деген видеоролик көрді, жұппен жұмыс жасап, «Моншақ тізу» әдісі арқылы топпен жарысты.

