«Тұғырлы бол -Тәуелсіздік » атты ашық сынып сағаты
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде Тәуелсіздік күніне орай
1 сынып білім алушыларымен өткізілген
«Тұғырлы бол -Тәуелсіздік » атты ашық сынып сағаты өтті
09.12.24ж күні 1 сыныбында Тәуелсіздік күніне орай «Тұғырлы бол -Тәуелсіздік » атты ашық сынып сағаты өткізілді . Сынып сағатының мақсаты : «Тәуелсіздік туралы түсінік беру.Оқушылардың өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.Оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.»
Ашық сынып сағатына мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айқараева Сандуғаш әпкей, сынып жетекшілер жетекшісі Оразбаева Эльмира, сынып жетекшілер Тұяқбай Г, Хамитбекова Таң қатысты. Сынып сағатында Тәуелсіздік ұғымы таныстырылды, тәуелсіздік туралы видеоролик көрсетілді.
Келесі кезекте тақпақтар айтылды . Оқушылар пазл арқылы рәміздерді құрастырды. Ол жерде рәміздердің нышандарына тоқталып құрастырған авторлармен танысып шықты. «Адасқан сөздер» арқылы Отан туралы мақал құрастырды.






