Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» атты мектепішілік семинар
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылы орта мектебінде 21 қараша күні «Жерұйық» жаратылыстану пәндері бірлестігінің «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» атты мектепішілік семинары өтті.

Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылы орта мектебінде 21 қараша күні «Жерұйық» жаратылыстану пәндері бірлестігінің «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» атты мектепішілік семинары болып өтті. Семинар бекітілген іс-шара жоспары бойынша «Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыруда оқытудың тиімді стратегияларын пайдалана отырып,оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» мақсатында, « Білім беру мазмұнын жаңартумен бірге, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру» міндеттерін жүзеге асыру жоспары бойынша жүргізілді.






Семинарда жаңартылған мазмұндағы сыныптарда 4 ашық сабақ , 1 интеллектуалды сайыс, 1 баяндама соңында коучинг өткізілді. Өткізілген ашық сабақтардың барлығы өз деңгейінде өтіп, ұсыныс - пікірлер айтылды. Жоғарғы сыныптар арасында ұйымдастырылған « Зерде » интеллектуалды сайысы қызықты, әрі тартысты өтті. Мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Д.Ыбырайдың жасаған баяндамасы заман ағымына сай, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қамтылған тақырыптар бойынша көпшілік көңілінен шықты, ұстаздар көкейкесті мәселелер бойынша мағлұматты алды. Семинарда
«Жаңаша оқыту – жетістік көзі» атты коучинг ұйымдастырылып, мектеп ұстаздары коучингтың қыр-сырымен одан әрі меңгере түсті. Семинар соңы қорытындыланып, жұмысы қанағттанарлық деп бағаланып, қорытындыланды.