Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » » КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ МЕКТЕБІМ
    26
    декабрь
    2017

    КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ МЕКТЕБІМ

                                             

     


    КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ 

    Өткенді білмей,

    Қазіргінің мәнін,

    Болашақтың мақсатын білу мүмкін емес.

    М.Горький.

                 Мектеп келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен  халқын гүлдентер, мейірін   өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі   тірегі – білімді де білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың   қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі   жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.

      Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет–бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан «Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылының орталығында орналасқан. Мектептің алғашқы ірге тасы 1961 жылы 15 тамызда қаланды, 1962 жылы 6 маусымда мектепке «Шоқан Уәлиханов»атындағы орта мектебі  атауы берілді.

          Мектеп –халықтың рухани бесігі, ал мектеп тарихы гүлдену жолының қалыптасуы. Әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы бар.

              Мектептің ұзақ жолы – өшпес тарих, жасалған іс-әрекеттер, тұлғалар, әдет-ғұрыптар. Кеме — капитансыз болмайды демекші, мектеп тарихында әр кезеңдегі директорлар алтын әріппен сақталған.

                Төрегелдиев Бәзет                      1961-1962жж

                Жылқыайдаров Әлкен              1962-1964жж

                Молдабеков Смағұл                  1964-1972жж

              Таласбаев Тұрар                          1972-1984жж

                Ыбышов Амангелді                    1984-2004жж

                Сыдық Берік                               2004 ж

          Мектебім – алтын ұям. Әр адамның өмірінде бұл қымбатты сөз. Сан жылдар өтсе де, мектебің туралы естелік мәңгілікке өміріңнің жарқын парақтарындай есіңде сақталары сөзсіз. Білім әлеміне алғашқы қадамдарын басқан балғын бөбектерге ғылымның сырын ұқтырып, болашаққа жол бастайтын да — мектеп. Ал ұстаз сол әлемге жетелеуші. Осы уақытқа дейін құрмет пен зор алғысқа бөленген  ұстаздар қауымы:

    Қазақстан Республикасы және КСРО халық ағарту ісінің үздіктері

    Иманбеков Мұхан                         1966-1972 жж

    Кенжебеков Уәли                          1971-1973 жж

    Талас ауданында тұнғыш аға мұғалім атағын алған және Қазақстан Республикасынын халық ағарту ісінің үздігі

    Тастанбеков Сүлеймен               1980-1960 жж

    «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі

    Шымырбеков Өксікбай             1982-1997 жж

    Қазақстан Республикасының спорт шебері-1987 ж

    Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі-1999 ж

    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы-2006 ж

    Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері-2007 ж 

    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қызметкері-2014 ж

    Талас ауданды мәслихатының депутаты

    Тастанбеков Нұрхан

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық медалінің иегері

    Шалқарбекова Сәуле            2011 ж

    Қазақстан Республикасы Конститутцияның 20 жылдық медалінің иегері

    Сыдық Берік                          2015 ж

    Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздіктері атағының иегерлері

    Кірғабақов Шалқар             1971 ж

    Дәулетбекова Қазтай          1976 ж

    Қоршыбекова Әшірәлі       1979 ж

    Ыбышов Амангелді            1986 ж

    Өміралиев Бақыт                 1985 ж

    Олжасбаева Қалдан             1985 ж

    Арынбаева Күлаш               1981 ж

    Жақыпов Ерғали                  1996 ж

    Жапарқұлова Жұмакүл      2017 ж

    Құлыбекова Сағаткүл        2017 ж

     Рысбекова Зауреш              2017 ж

     Мектеп түлектері ақын,жазушылар,журналистер

    Күләш Ахметова-ақын,мемлекеттік сыйлықтың иегері

    Әділбек Баққараев-Облыстық Ақжол газетінің жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі

    Дүйсенбек Айбеков- Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі,тілші

    Жанұзақ Аязбеков-Қостанай облыстық газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министірлігінің құрмет грамотасының иегерлері

    Исакова Қабиба                 1989 ж

    Шалқарбекова Сәуле        1993 ж

    Құрманбаева Такура         1997 ж

    Сыдық Берік                      2011 ж

    Рысбекова Жанат              2016 ж

    Ұстаз болу жүректің батырлығы,

    Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы.

    Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,

    Ұстаз болу – адамның асылдығы.

    Демекші, осындай қызығы да қиындығы мол мамандықты таңдап, аянбай білім нәрін оқушыларға ұялата білген, үлкен өмірге жол сілтеуші мұғалімдер мектеп тарихының әр жылында сақталған. 

    Мектептің ардагер ұстаздары

    Нұғманов Зенидин
     Көпесбаев Дұйсетай
     Суханов Сағатай
     Рахымбердиев Қапаш
     Жүнүсқұлов Әшімхан
     Тамабеков Алсай
     Көбеев Ниязалы
     Асқарбеков Ильяс
     Қайранбеков Январбек
     Үшенова Тұраш
     Естаев Дәулетай
     Оразалиева Сырға
     Аширова Айымкүл
     Ахатаева Лескул
     Пәрімбекова Қаншайым
     Мамырбекова Рымкүл
     Мұздыбаева Бейбіткүл

    Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы – білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда. «100 мектеп, 100 аурухана » мемлекеттік бағдарлама аясында  2009 жылы 150 балаға арналған типтік жобадағы мектеп үйі салынып пайдалануға берілді.  Осы кезеңнен бастап киелі білім ордасы еңсесі биік, сәулетті оқу орнына айналды.

                   Мектептің педагогикалық ұжымы заман ағымына сай заманауи әдістерді, технологияларды, жаңа көзқарастарды енгізіп, ілгері жылжып келеді.«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз жырлағандай жас мамандарға ақылшы,үлгі тәлімгер болатын тәжірбиелі ұстаздарды мектебіміз әрқашан мақтан тұтады.56 жылда мектептен   1000 астам түлектер ұшырылып, қазіргі таңда әр салада қызмет атқаруда.

    Мектеп мақтаныштары:

    Мектеп түлектері мемлекеттік қызметте

    Балықбаев Тахир-Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары

    Жұмабаев Мейрамбек

    Нүрпейісов Сайлау

    Ахметов Әбутәліп - елші 

    Жаров Бахадүр-Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыртқы барлау басқармасының бастығы генерал-майор

    Аралбаев Досымхан – Облыстық энергетика департаментінің директоры,Құрмет орденінің иегері

    Нүрпейісов Ұлан – Қызылорда облыстық ҚазМұнайГаз филиалының директоры,Құрмет орденінің иегері

    Асқарбеков Арын – Нұр Отан партиясының төрағасының бірінші орынбасары,Тараз қаласы мәслихатының депутатты

    Мектеп түлектері ғылым докторлары

    Әлімбаев Базартай-техника ғылымдарының докторы,профессор

    Балықбаев Тахир-педагогикалық ғылымдарының докторы,профессор

    Сүлейменов Орал-техника ғылымдарының докторы

    Тәттібаева Дариға-биология ғылымдарының  докторы

    Мектеп түлектері ғылым кандидаттары

    Байтамаев Байтұрсын-физика ғылымының кандидаты

    Керімқұлов Жасан-техника  ғылымының кандидаты

    Өміралиев Жамбыл- медицина  ғылымының кандидаты

    Сабыралиева Жанат- химия ғылымының кандидаты

    Желдібаев Асан- техника ғылымының кандидаты

        Мектептен шыққан спорт майталмандары

    Далабаев Жандос-Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы,Азия және әлем чемпионы,Қазақстан Республикасының кубогының иегері,Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

    Далабаев Елдос- Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Азия жүлдегері, Қазақстан Республикасының кубогының иегері, Қазақстан Республикасының            спорт шебері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы

    Тенгебай Айдос -Қазақ күресі және Дзю-до,Самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері 

     Қазыналы білім ордасына айналған Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды  мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын медальға» «Алтын белгі», «Үздік аттестат» «Күміс медальға» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда.

     Мектепті «Алтын медальға» бітіргендер

    Шаханов Майыр               1962 ж

    Серікбаев Кенже                1965 ж

    Әлтеев Жұман                    1972 ж

    Ыбышова Мұхан                 1980 ж

    Мектепті «Алтын белгі»төс белгісімен бітіргендер

    Сабыралиева Сағадат          2008 ж

    Ошақбай Таңшолпан           2010 ж

    Ыдырыс Манас                    2011 ж

    Алсай Мәулен                      2015 ж

    Ильяс  Дамир                       2017 ж

     Мектепті күміс медальға бітіргендер

    Әлімбаев Базартай              1966 ж

    Бегімбаев Дулат                  1966 ж

    Әуезов Ануар                      1968 ж

    Наетов Әбу                          1968 ж

    Булатов Асан                       1969 ж

    Мамырбеков Райхан           1971 ж

    Әкімжанов Шерхан           1972 ж

    Мектепті үздік аттестатқа бітіргендер

    Егембердиев Ерлан             1995 ж

    Далабай Елдос          1995 ж

    Сәтекбаева Салтанат 1997 ж

    Тәттібаева Дариға    1999 ж

    Айтбаева Замира      1999 ж

    Сабыралиева Әсел   2000 ж

    Малдыбаева Бағила             2000 ж

    Әсілбекова Гүлнар   2000 ж

    Төленов Жасұлан     2002 ж

    Тәттібаева Рабиға     2003 ж

    Қоршыбекова Нұрайлым    2003 ж

    Омарбекова Ақерке 2003 ж

    Маханова Айгерім   2003 ж

    Бұралқы Әсел           2011 ж 

    қазіргі уақытта өз орындарын тауып, әр саланың білікті де білгір мамандарына айналған керемет тұлғалар, мектеп сенімін ақтай білді.

              Сондай-ақ ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде кеудесін отқа тосқан мектеп түлектері, интернационал жауынгерлер өнегелі өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек

    Бөрібаев Доғдырхан -Қызыл жұлдыз иегері

    Сүйіндіков Ежебек

    Сүлейменов Мамырбек

    Көбеев Нұрболат

    Төрегелдиев Хамит 

    Малдыбаев Қайрат

    Далабаев Бауыржан

                       2016-2017 оқу жылы Ұлттық тестілеу тәсілімен емтихан алу барысында мектебіміздің оқушылары жақсы көрсеткіштерге жетіп, Талас ауданы бойынша алдыңғы қатарға еніп, мектебіміздің аты алтын әріптермен жазылды. Бұл, әрине үлкен жетістік.

             Қазіргі таңда әртүрлі жоғары оқу орындарында оқып жатқан, еңбек етіп жүрген және мектеп партасында білім алып жатқан шәкірттеріміз мектеп тарихының жарқын беттерін алтын әріптермен жазылатын тың оқиғалармен толтыра түсетініне сеніміміз мол.

    Мектеп ұжымы қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. Осы мақсаттағы басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық, азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, дамытуға бағыт болған білім алуға қажетті шарттар жасау, оқушыларға үш тілді меңгерту, мектепті компьютерлендіру және интернет жүйесімен жұмыс жүргізуді басты назарға алуда.

    Мектеп ұжымы Елбасының «Қазақстан–2050» стратегиялық даму бағдарламасынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды.

    Білім мен өнерді қатар ұштастырған киелі білім ордасы алдағы күннің талабына сай зор міндеттерді орындауды мақсат етеді.

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңгі–бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп өз сөзінде айтқанындай, білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының алдында тұрған үлкен мәселе. Міне, осындай үлкен жетістікті арқалап келе жатқан мектептің әлі де жетер жетістігі, алар асуы, бағындырар белесі әлі алда.

    Міне,бұл біздің мектептің қысқаша өмірбаяны, бірақ тарихымыз әрбір оқушы мен ұстазда өз жалғасын табады. Оқушы мен ұстаз мектептің жаны, тіршілігінің тынысы. Мектеп – жай ғана ғимарат емес, мектеп – бұл ұжым. Ал ұжымымыз достықты бағалайтын, бірлігі жарасқан, еңбекқор жандардан құралған. Заман мен білім берудегі талаптар өзгерсе де бір нәрсе өзгеріссіз қалды, ол оқушыларға деген шынайы мейірімді қарым-қатынас. Осы бір мейірбандылық пен құрмет тұту қасиеттері мектебіміздің ең басты байлығы.

     «Ата жолы — бала жолы» демекші, мектебіміздің тарихын зерттеу барысында жинақталып, жүйеге келтірілген деректер, өскелең ұрпақты мектеп тарихымен сусындатып, аға буын өкілдерінің жақсы істерінің үлгісінде тәрбиелеуге, үлесін қосар еді деп ойлаймыз.