22
март
2022
22 наурыз да сәнді киініңіз! Наурыз мейрамы құтты болсын!
22 наурыз да сәнді киініңіз!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектеп ұжымы наурызда сәнді киім үлгілерімен ерекшеленді.
«Ең әдемі киім – ұлттық киім» демекші, қазақ халқы да төл киімдерін ұмытпай, ұлттық нақышын жоғалтпай сан ғасырлардан бері сақтап келе жатыр. 22 наурыз мейрамы осындай ұлттық нақыштағы киімдерімізді сандықтан шығарып, жұртқа паш ететін тамаша мүмкіндік.
Әлбетте ұлттық киімдерді тек 22 наурыз мерекесінде кию керек деген қағида жоқ. Оны қалаған уақытыңызда кие аласыз, ең бастысы ниет болса болғаны. Жалпы тек осы мейрамда ғана емес, жиын-тойларда ұлттық киімдерді кию дәстүрін енгізсек, тіптен керемет болар еді. Қазіргі уақытта ұлттық киімдер қолжетімді, сән үйлері де ұлттық нақышта киімдер тігіп, кейбірі қарапайым тұрмыста киілетін сәнді бұйымдарға айналып үлгерді. Бәрі тек талғам мен ниетке байланысты.
"Қош келдің, әз—Наурыз!" тақырыбында қазақтың ұлттық салт —дәстүріне қатысты көрме жасалынып, наурыздың ұлттық тағамы наурыз көже таратылды және "Жас Ұландықтар" атынан бейне құттықтаулар да болды.
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметті әріптестер, барша қазақ елі.
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!



