«Қош келдің,Ұлыстың ұлы күні»
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде
«Қош келдің,Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс шарасы өтті.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып,ұлтжанды,мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласы аясында, 22- Наурыз Қазақтың ұлттық мейрамында Бөлтірік шешен ауылында «Қош келдің, Ұлыстың ұлы күні» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынды ашып беру үшін ауылымыздың әкімі:Тәттібаев Еркебұлан Серікұлына,сонымен қатар,Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің директоры Сыдық Берік Сарыүйсінбекұлына және ауылымыздың ең үлкен қариясы Ибаділдә атаға сөз берілді. Салтанатты жиынға жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады.
Мерекеге арнап оқушылар жыр шумақтарын арнап,ал биші қыздарымыз мың бұралып
сызыла билесе,күміс күмей аншілеріміз ән шырқады.


Сонымен қатар, ар атаға берілген салт-дәстүрлер қойылды.Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өткізілді.Жарысқа белсене қатысқан жеңімпаздар әр түрлі сыйлықтармен бағаланды.







