1 қыркүйек Білім күніне арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты «Алғашқы қоңырау» мерекесі өткізілді.
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты «Алғашқы қоңырау» мерекесі өткізілді.
Мақсаты: Балаларға 1 – қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу, білімге деген құштарлығын арттыру.
Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Сыдық Берік Сарыүйсінбекұлына берілді. Өз сөзінде биылғы 2023- 2024 оқу жылында болып жатқан өзгерістерге тоқталып өтті. Бірінші сынып табалдырығын аттаған оқушыларға жүрек жарды лебізін білдірді.
Сонымен қатар мерекеміздің құрметті қонақтары: Кеңес ауылдық округінің әкімі Тәттібай Еркебұлан , ардагер ұстаз Ахатаева Лескүл апа оқушыларға ізгі тілектерін арнап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 1- сынып білім алушысы Бигелді Айым «Мектебім» әнін орындады . Алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндерге әліппе таратылды.



