Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » «Армысың, алтын ұя мектебім!»
    03
    сентябрь
    2018

    «Армысың, алтын ұя мектебім!»

    1-қыркүйек «Білім күніне» арналған «Армысың, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын өтті. 

    Мерекеге арналған салтанатты жиынға Кеңес ауылдық округінің бас маманы Тәттібаев Еркебұлан Серікұлы, ауылдық ардагерлер комитетінің төрағасы Үйсінбаев Ибаділдә, ата-аналар комитетінің төрағасы Ошақбаев Бекберген Сәтекбайұлы, ауыл имамы Нұғманов Бақытжан,  ата-аналар қатысты . Салтанатты жиын барысында аталған қонақтар мен мектеп директоры Сыдық Берік Сарыүйсінбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Салтанатты жиында биылғы жылы мектебімізге келген жас маман Рахай Эльнура Мұхамединқызына еңбек кітапшасы тапсырылды. Мереке барысында оқушылар сүйікті ұстаздары мен ата-аналарына ән-жырдан шашу шашты. Жиынға 90 ата-ана қатысып, 20 бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданды. Жоспарға сай салтанатты жиыннан соң «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына пән мұғалімдері мен ата-аналар қатысты. 1-қыркүйек «Білім күні» мерекесіне орай футбол, баскетбол және қазақша күрестен спорттық сайыстар өткізіліп, жеңімпаз атанған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.