Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар.
    17
    январь
    2024

    Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар.

    Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналды.
    Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үдерістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізе алады. Сонымен қатар, жастар қоғамға пайдасын тигізіп, алған білімін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел болатыны сөзсіз. 
    Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. 
    Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – білімді де білікті, белсенді жастар. 
    Астана қаласында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі 14-18 қаңтар күндері өткізілді. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сәтекбай Ерасыл математика пәні бойынша, 10 сынып оқушысы Сембек Олжас физика пәні бойынша аудандық, облыстық кезеңдер қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, Республикалық кезеңге олимпиаданың іріктеу кезеңінен өткен 1 088 оқушының қатарынан табылған болатын. Білімділігімен ерекше көзге түсіп, бағы мен бабы қатар шапқан Олжас шәкіртіміз оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың  III дәрежелі дипломымен, зеректігімен ерекшеленген шәкіртіміз Ерасыл, арнайы сертификатпен марапатталып,  екі шәкіртіміз де «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданды. 
    Ерасыл мен Олжастай дара шәкірттеріміз – болашақта білімділігімен, дарындылығымен қоса рухани дамыған, еліміздің ертеңгі  тұтқасын ұстайтын, озық ойлы жастардың қатарын толықтыратынына СЕНЕМІЗ!







    Прокомментировать
    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
    Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив