Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»
    17
    январь
    2024

    «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»

    Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деген болатын.

    Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзінен білімнің баға жетпес үлкен рухани қару екенін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық рухани күш-қуат көзі жоқ екені белгілі. 

    Осы орайда, «Ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 2023 жылдың қарашасында бастау алды.

    Ережеге сәйкес олимпиада жалпы білім беретін 13 пән бойынша өткізілді: бірінші (бастапқы) кезеңге еліміздің әр өңірінен 78 404 оқушы, екінші (іріктеу) кезеңінде 25 844 оқушы бақ сынасты. 1088 жеңімпаз үшінші (республикалық) кезеңге жолдама алды.

    Бағы мен бабы қатар шауып, дарындылығымен ерекше көзге түскен дара шәкіртіміз Сембек Олжас аталған білім додасының аудандық, облыстық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, 1088 жеңімпаздың қатарынан табылып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.

             Жамбыл облысы, Талас ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сембек Олжас 14-18 қаңтар күндері елордамыз Астана қаласында өткен республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математика бағыты бойынша физика пәнінен жүлдегер атанып,  ІІІ дәрежелі дипломмен мараптталды. Жетекшісі Тайшикова Акмарал Асылбеккызы.

    Асылында, алғырлықтың алға жетелеп, оқу-ғылымның келешекті күмәнді етпейтіні белгілі. Ендеше, бәсекеге қабілетті жастарды даярлауда білім ордаларының бағдары айқын болуы тиіс. 

    Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл Фараби "Шын білім... әрдайым ақиқат, анық болатын білім»-, дегендей  Олжасқа әр қадамына сәттілік пен ел абыройын асқақтатар талабың мәңгілік серігің болсын дейміз!







    Прокомментировать
    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
    Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив