Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Ашық білім басқармасы" акциясы аясында Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің директоры Сыдық Берік Сарыүйсінбекұлы "Ата-аналармен қоғамдық ұйымдар арасында" 2018 жылы 5 қаңтар күні 2017-2018 оқу жылының І жарты жылындағы атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі 2017-2018 оқу жылын 34
педагог қызметкермен бастап, оның ішінде: жоғары білімді – 29, арнаулы
орта -5; оның ішінде жоғарғы санатты – 5, бірінші санатты – 9, екінші санатты –
7, санатсыз – 12. Соңғы үш жылда 14 жас маман келгенін айтып өтті. Сонымен
қатар мұғалімдер мен оқушылардың 2017-2018 оқу жылындағы жеткен жетістіктеріне
тоқталды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Қосыбаев, ата-аналар
комитетінің төрағасы Б. Ошақбаев, ауылдық Нұр Отан партиясының төрайымы Қ.
Желеубаева, еңбек ардагері И. Үйсінбаев
өз сөздерінде мектептің осындай жетістікке жетуі ұстаздар қауымының үлкен
еңбегі екенін, ардагерлердің мектепке жиі келуі мектепішілік іс-шаралардың
жоғары деңгейде өтуі, балаларымыздың жетістікке жетуі, мұғалімдердің талмай еңбек етуінің арқасында
–деп, мектеп директоры Б. Сыдықтың есебі қанағаттанарлық деп қорытындылады.



