08
декабрь
2018
Оқушымыз жеңіспен оралды
Желтоқсан айының 7-8 күндері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен Тараз қаласында Дзюдо күресінен 2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент күніне және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Им Герман Алексейұлының құрметіне арналғын облыстық ашық турнир өтті.
Бұл жарысқа Талас ауданы Бөлтірік шешен ауылының Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің спортшылары да қатысты, 2004-2005 жылғы туылған ұлдар арасында 29 кг салмақ дәрежесінде Жұмаділдә Мұқасан ІІІ орын алды. Жаттықтырушысы – Естайбек Сейілбек.



