Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » Дзюдодан Малдыбаев Әкіманды еске алуға арналған Талас аудандық ашық турнир өтті
    14
    октябрь
    2018

    Дзюдодан Малдыбаев Әкіманды еске алуға арналған Талас аудандық ашық турнир өтті

    13-14 қараша  аралығында Бөлтірік шешен ауылыныда Бөлтірік ауылының құрметті азаматы,тыл ардагері Малдыбаев Әкіманды  еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті. Жарысқа 12 командадан 240-қа жуық жас татами шеберлері қатысып, өзара мықтыны анықтады.

    240  баланың  басын біріктірген  дүбірлі  дода  Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде  өтті.

    Бөлтірік ауылының құрметті азаматы,тыл ардагері арналған  жарыс  биыл ауылымызда   алғаш рет   ұйымдастырылып отыр.

    Жалпы  екі  күнге ұласқан  жарысқа  Алматы,  Шымкент, Тараз қалаларынан және Байзақ, Сарысу, Мойынқұм, Меркі, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов , Жамбыл,Талас  аудандарынан   ауыл-аймақтарынан  келген 240 бала қатысты. Олар 7  салмақ  дәрежелеріне  бөлініп  татами  төріне  шықты. Спорттың  бұқаралағын насихаттауға  арналған  турнир қорытындысына  сәйкес  90 спортшы  жүлделі   орындарға  ие болды.  Барлығын  сыйлықтармен марапатталды.