Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектеп директоры Cыдық Берік Сарыүйсінбекұлының қамқоршылық кеңесі алдында ЕСЕБІ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру » атты жолдауында: Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет.Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеуі керек.Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн.Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс.

Мектебіміз 2017-2018 оқу жылында жақсы табыстармен аяқтап отыр.Мектепті 194 оқушы бітірсе, соны 38, оқу үздігі-21,8 пайыз, 81, оқу екпіндісі-46,1 пайыз, 55 оқушы орташа оқиды-31,6 пайыз. 11 сыныпты 10 оқушы бітірсе, 10 оқушыда орта мектепті бітіру туралы мемлекеттік емтихан тапсырып, аттестат алды. Ал 9 оқушы ҰБТ тапсырды. 2 оқушы Тұрарбек Ерназ , Сарыүйсінбек Үміт «Алтын белгі» төсбелгісін алды. 9 оқушы ҰБТ –ға қатысты. Барлық оқушы шектік деңгейден жоғары алды.Орташа балл 85,1 көрсетті. Аудан бойынша 27 орта мектептің арасында 3 орынды алдық. 11 сыныпты бітірген 10 оқушының 7 –еуі ЖОО грантпен 1 оқушы ақылы негізде түссе, 2 оқушы колледжге грантпен оқуға түсіп,100 пайыз оқушылар оқуға түсті. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы- 68 пайыз, үлгерім -100 пайыз көрсетті.

2017-2018 оқу жылында пәндік олимпиадаға 13-оқушы қатысып 11-і жүлделі орын алды.
Дарын республикалық ғылыми практикалық орталағының ұйымдастыруымен өткізілген қашықтық олимпиадасына 20 оқушы қатысып 5 оқушы І орын, 4 оқушы ІІ орын , 11 оқушы ІІІ алды.
-Республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасына аудандық кезеңінде 10 сынып оқушысы Мәдібек Саида І орын алып, облыстық кезеңге қатысып ІІ орын алды.
-Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай өткізілген «Мен қазақтың сарбазымын» атты аудандық ән байқауында 11 сынып оқушысы Тұрым Зейнолла І орын алды.
-4а сынып оқушылары бастауыш сынып ғылыми жобасына қатысып Тұрсынбек Әйгерім І орын, Сембек Олжас І орын алды, сынып жетекшісі Құлыбекова Сағаткүл.
-2018 жылғы аудандық бастауыш сынып оқушыларының «мен зерттеуге үйренемін» атты ғылыми жоба байқауында 3а сынып оқушысы Назарбай Шапағат І орын, 3ә сынып оқушысы Түйетай Сезім ІІ орын иеленді, сынып жетекшілері Ынтықбаева Күлшат, Тортаева Сандуғаш.
-Республикалық қашықтық олимпиадасында физика пәнінен 10 сынып оқушысы Әбдіпайыз Таңшолпан ІІІ орын алды. Пән мұғалімі Тайшикова Ақмарал
Оқушыларымыз спорттық жарыстарда жоғары жетістіктерге жетіп жүр. 10-сынып оқушысы Сатекбай Жасұлан Дзюдо күресінен мектеп пен колледж оқушылары арасындағы Жамбыл облыстық ІХ жазғы спартакиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
-мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахмедұлы Қонаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімідер арасында ІІ облыстық турнирінде 6-сынып оқушысы Қыдырбек Нұртілеу 38 салмақ дәрежесінде І орын, 5 сынып оқушысы Бигелді Азат 32 салмақ дәрежесінде ІІІ орын алды.
-Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Отан қорғаушылар күнінен орай қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатта 26 салмақта 5-сынмп оқушысы Жұмаділда Мұқасан ІІІ орын, 57 салмақта 9-сынып оқушысы Тұрым Аружан ІІІ орын иеленді. Осы оқушыларды дайындаған дене тәрбиесінің пәнінің мұғалімі Естайбеков Сейілбектің еңбегі ерекше.
Сонымен қатар мектеп мұғалімдеріде аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларыны мен байқауларында жеңімпаз болды .Атап айтатын болсам:
- «Дарынды балаларға- талантты ұстаз » педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын алып, облыстық кезеңде ІІІ орын және Семей қаласында өткен Республикалық педагогикалық олимпиадасында физика пәнінің мұғалімі Тайшикова Ақмарал Асылбекқызы жүлделі ІІІ орын алып мақтау грамотасымен марапатталды.
-Рахымжанова Жанар Мэлсқызы - бастауыш сынып мұғалімі аудандық « Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасында» ІІ орын иеленіп, мақтау грамотасымен марапатталды.
- Аудандық ұстаздар арасында өткен үздік педагог 2018 байқауына қатысқан бастауыш сынып мұғалімі Такеева Н. ІІІ орын алды.
- «Шығармашыл жас маман» аудандық байқауында дайындық сыныбының мұғалімі Чакова Жазира ІІІ орын алды.
- Жарқын болашақ ІХ Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазын дайындағаны үшін Мелдебекова Ұлбосын Алғыс хатпен марапатталды.
Мектеп жанындағы сауықтыру лагеріне-136 бала қамтылса, Жұрындісай аудандық лагеріне-11 оқушы демалды қайтты.
Мектебіміз 2018-2019 оқу жылына дайындау барысында барлық кабинеттер және мектеп толық ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтіп жаңа оқу жылына дайын болды.
Мектебіміз 2017-2018 оқу жылында ауданымызда ең үздік мектеп атанып ауданымыздың әкімі Досмұханбет Қасымұлы Әлиеев 7.408.000 млн теңге сертификатын тапсырды.
«Оқу инемен құдық қазғандай» дегендей, мектебіміз 2018-2019 оқу жылын 18-сынып комплектісі, 183-оқушы, оның 92-қыз. Педагог қызметкерлер саны -32, қызы- 23, жоғарғы білімдісі -26,/81,2%, арнаулы орта білімдісі -6,/18,7%, жоғарғы санатты -5,/15,6%, бірінші санатты-10,/31,2%, екінші санатты -4,/12,5%, санатсыз-13,/40,6%, мемлекеттік оқу орның бітірген -29,/90,6%, мемлекеттік емес-3,/9,3%,күндізгі бітірген -25,/78,1%, сырттай бітірген- 6,/18,7%.
2017 жылы курстан өткені- 14 мұғалім өтсе, 2018 жылы 10 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтті.
2017 жылы - 5 мұғалім, 2018 жылы 6 мұғалім аттестациядан өтті.
Соңғы 3 жылда мектепке келген жас мамандар саны -12, -35 %
Жоғарғы білімдісі -9, арнаулы орта білімдісі -3, барлық жас мамандарға тәжірибелі мұғалімдерден тәлімгер ұстаз жетекшілері бекітілген.
Қажетті педагогтар орыс тілі, музыка, бейнелеу пәнінің мұғалімдері жетіспейді.
ҚР-ның Білім ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес 2018-2019 ож мектептердің жаңартылған білім мазмұнына көшуіне байланысты 1-11 сынып оқушылары 5 күндік оқу жүйесіне және 40 минуттық оқу сабағына көшірілді. Осы оқу жылы 1,2,3,5,6,7,8- сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнымен оқып жатыр. Қалған сыныптар келесі оқу жылында көшеді.
Мектепте -6 пән бірлестігі жұмыс істейді. -«Бастау» бастауыш сынып бірлестігі,бірлестік жетекшісі - Ынтықбаева Г. -«Шапағат» гуманитарлық пәндер бірлестігі,бірлестік жетекшісі - Рысбекова Ж. -«Жерұйық» жаратылыстану пәндер бірлестігі,бірлестік жетекшісі – Таласбаева Э. -«Шұғыла» өнер,дене тәрбиесі,еңбек пәндерінің бірлестігі, бірлестік жетекшісі – Оспанова Ғ. -«Сынып жетекшілер» бірлестігі, жетекшісі Оразбаева Э. -«Талапкер» жас мамандар бірлестігі, бірлестік жетекшісі – Рахымжанова Ж.
Мектепте ақылы және ақысыз 17 үйірме жұмыс жасайды. Оған -183 оқушы қамтылған.
Тәрбие жұмысы туралы
Ұлы бабамыз Әл-Фараби «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы»-десе, Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бас иген құл болмайды»- деген нақыл сөздері қанша уақыт өтседе бүгінгі заманға сай айтылған сияқты.
Мектепте тәрбие жұмысы жоспарлы түрде өткізілуде.Жаңа оқу жылы «Армысың, алтын ұя –мектебім» атты Білім күніне арналған салтанатты сап түзеуден басталды. Қыркүйек айында өткізілген тіл мерекесіне орай «Тіл-татулықтың тірегі» апталығы, 1 қазан Қарттар күніне «Қария –ақылы теңіз дария» кездесу-концерті,Ұстаздар мерекесіне «Мұғалім мектептің жүрегі», тақырыптарындағы мектепішілік іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.
Өткізілген мектепішілік іс-шараларға ауыл ардагерлері үнемі шақырылып отырылады.
Ағымдағы жылда даталы және мерекелік күндерге ашық тәрбие сағаттары мен ертеңгіліктер беріліп,сабақтар өмірмен байланыстырылып, сыныпқа бекітілген ардагерлер шақырылып отырды.

Әлеуметтік жағдайы туралы
- Жетім- жоқ
- Жартылай жетім -13,
- Қамқоршлық -1,
- Аз қамтылған отбасының балалары -20,
- Көп балалалы отбасының балалары -75,
- Мүгедек бала -3, екі бала үйден оқытылады, біреуі мектепте жеңілдетілген бағдарламамен оқытылады.
- Ыстық тамақпен тегін қамтылған 1-6 сыныпта – 70 оқушы, 41%
- Мектеп мұғалімдері және ауылдық учаскелік инспекторымен бірігіп арнайы топ құрылған. Қыркүйек айынан маусым айына дейін аптасына жеті күн түнгі кезекшілік қойылған.
2018-2019 оқу жылында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді.Атап айтқанда, бөлімше инспекторы Қанат Тәттібайдың қатысумен 1 рет кездесу өткізілді.Мақсаты түрлі сипаттағы жасөспірімдердің арасындағы қылмыстардың алдын алу.
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына арасында жасөспірімдер құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының нәтижесінде аудандық, ЮПТ-да және мектепте қиын оқушылар тіркелмеген.
Мектепте 3 клуб жұмыс жасайды: «Азамат ұлдар » клубында 25 оқушы, «Қыз жібек» қыздар клубында-30 оқушы, «Сырласайық жеңеше» клубтары жұмыс жасайды. Мектепте қыздар арасында нәтижелі жүргізілуде, соның арқасында келенсіз оқиғалар орын алған жоқ.
Кітапхана жұмысы туралы
Жалпы мектепте кітап қоры-6451, оның ішінде көркем әдебиет - 1278, оқулық-3854, балалар әдебиеті -147, брашюралар -74, әдістемелік әдебиеттер -420, электрондық әдебиеті -39, энциклопедия -22, сөздік -60, анықтамалық -15.
1-11 сыныпта оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтылған, дайындық сыныбының оқушылары оқулықтарды өздері сатып алады. Мектепте жетіспейтін оқулық жоқ. Ауыл кітапханасына келген кітаптармен алмасып оқушыларға насихатталып отырады. Ауыл кітапханасымен тығыз байланыста.
Медбике жұмысы туралы
2018-2019 оқу жылында мұғалімдер, техникалық қызметкерлер және оқу жылының басында дайындық және бірінші сынып оқушылары медициналық тексеруден өтті.
Мектептің материалдық техникалық базасы туралы айтатын болсақ -25 пән кабинеті жұмыс атқарады. Информатика кабинеті -1, компьютер саны -10. Мультимедиялық кабинет -1, компьютер саны -15, жаңа үлгідегі физика, химия кабинеттері алынып, қазіргі таңда оқушылар жұмыс жасауда.
Оның ішінде жаңартылған кабинет- 13 пән кабинеті жаңа компьютермен және слайд аппаратымен жабдықталған, мектепте екі интернет желісі жұмыс жасайды, барлық компьютер саны -33, бір компьютерге -5 оқушыдан келеді.
Спорт зал, 120 орынды АКТ зал, 60 орынды Асхана оқушылардың қажеттілігіне жұмыс атқарады. Жылу қазандығы орталықтандырылған, су жүйесі бар, мектеп жылы, отын жеткілікті.
Мектепке қажетті биология кабинетін жаңартуды қажет етеді.
Мектебімізге демеушілік көмекпен біраз жұмыстар атқарылды.
- Атап айтатын болсақ, мектебіміздің алдына алма бақ жасалды. Оған 200 түп алма ағашы отырғызылды, сырты қоршалды. Жалпы 500 мың теңге көлеміндегі қаражат жұмсалды. Демеушілік жасаған ауылымыздың азаматы медсенат, мектебіміздің түлегі Балғанбаев Марат ағамыз.
- Мектепті 40 жыл бұрын бітірген түлектері мектептің ауласына 50 метр тереңдіктен құдық қаздырып, 200 метр шланга, су соратын насос алып берді. Жалпы сомасы 300 мың теңге көлемінде демеушілік жасады.
- Биылғы «Мектепке тағзым» атты акция аясында мектебіміздің түлегі, Құрмет орденінің иегері Нұрпейісов Ұлан Мәлікұлы 300 мың теңге көлеміндегі қаражатпен демеушілік жасап, мектептің ішіне, коридорларға 20 стенд жасатып берді.
- Мектебіміздің түлегі, қажы Тәттібаев Мәди Серікұлы жалпы сомасы 100 мың теңге көлемінде рухани жаңғыру кабинетіне стендтер мен мектептің АКТ залының сахнасына жөндеу жұмыстарына демеушілік жасады.
- Ауылымыздың азаматы,жеке кәсіпкер мектеп түлегі Жайшыбеков Жанабек мектеп алдына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 100 мың теңгеге «пандус» жасап берді.
- Мектебіміздің түлегі, Ақмола облысының электр тарату желісінің президенті Аралбаев Досмхан 150 теңгеге мектебіміздің атауын латыншаға ауыстырып жаздырып берді.

