Жаңа жылдық шырша өтті
Желтоқсан айының 27-28 күндері Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті.
Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жаңа жылдық мереке алдында балаларға қуаныш сыйлау, қамқорлық көрсету болып табылады.
Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Сыдық Берік Сарыүйсінбекұлына беріліп, балаларды алда келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Жаңа жылдық» мерекелік бағдарлама Даярлық тобының мерекелік бағдарламасымен басталды. Бағдарлама аясында оқушылар мерекелік киімдер киіп, жаңа жылға арналған ән-жырларын, билерін, көріністерін ата-аналарға арнады.Мектеп акт залы мерекеге сай безендірілді. Бағдарлама негізінде мерекеге Аяз-Ата, Ақшақар және жаңа жылдық кейіпкерлер жас жеткіншектердің көңілін көтеру үшін бар өнерлерін салды. Іс-шара барысында сыныптар әр түрлі санада өнерлерін көрсетіп көріністер қойып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Кешке қатысушы сыныптар мен оқушылар бағдарламалық әзілдер мен мерекелік әндер мен билер арқылы кешті көңілді өткізуге атсалысты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

