Ана- деп ән саламын
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсанында Шоқан Уәиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде технология пәнінің мұғалімі Бұралхиев Ерік Шәріпбекұлы 10-сынып оқушыларымен "АНА-ДЕП ӘН САЛАМЫН" атты мерекелік іс шара өткізді.
Әрбір адамның жүрек төрінен терең орын алатын,анаға деген махаббаты мәңгілік сарқылмауы тиіс.Өйткені ана-таусылмас жыр,сарқылмас дастан,аяқталмас ән.Іс шара барысында ауыл әкімдігі тарапынан ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ , кәсіподақ ұйымының тарапынан мектеп мұғалімдері мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап,аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін,жылуын тарататын ана.Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.