Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    10
    январь
    2018

    Астанаға-20 жыл

    Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр. Еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың «туған күніне» дайындық жұмыстары бүгінде басталып та кетті. 

    Осыдан жиырма жыл бұрын, дәл осы күні егемен еліміздің тарихында, Елбасының тағы бір стратегиялық маңызы зор идеясы жүзеге асты. Халқымыз ел болғалы өз астанасын өзі таңдап, саяси-әкімшілік, мәдени-рухани орталығын белгіледі. Мемлекет тарихындағы ұлы көш елдің де, Елбасының да үмітін ақтады деп есептейміз. Бүгінде Астана өзге өңірлер бой түзейтін қала ғана емес, ел дамуының тірегіне айналды. Ел өркендеуінің жаңа парағын ашқан осы күн жылы естеліктерге толы тарихи күнге айналды. Астанамыз өркендей берсін, елдігіміз мәңгі болсын!