Такир Оспанұлы Балықбаев
БАЛЫҚБАЕВ ТАКИР ОСПАНҰЛЫ
Туған жері: 1957 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданы Комсомол ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Жамбыл облысы Талас ауданының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебін бітірген.
Білімі: С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1980 ж.). Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасы (1985 ж.).
Ғылыми дәреже: Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1986 ж.); Педагогика ғылымдарының докторы (2003 ж.); Профессор.
Қандай тілдерді біледі: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі - «Intermediate» деңгейін меңгерген
Еңбек жолы:
1980-1982 жж. С.М.Киров атындағы ҚазМУ - зерттеуші - стажер;
1982-1985 жж. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті - аспирант;
1985-1994 жж. С.М.Киров атындағы ҚазМУ;
1994-1995 жж. Республикалық тест орталығы - директордың орынбасары;
1996-1997 жж. Республикалық білімдегі жаңа технологиялар орталығы - зертхана меңгерушісі;
1998-1999 жж. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі - сектор меңгерушісі;
2000-2001 жж. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы - жобалардың бас менеджері;
2001-2003 жж. Қазақ ұлттық аграрлық университеті - оқу және оқуәдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор;
2003-2007 жж. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы - директор;
02.2007 ж.- 09.2007 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында қадағалау мен аттестаттау комитеті - төраға;
2007-2011 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы - президент;
2011-2013 жж. Қазақ технология және бизнес университеті - ректор.
01.2013 ж.- 11.2013 ж. Халықаралық бизнес академиясы - ректор;
11.2013 ж.- 06.2016 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - вице-министр;
07.2016 ж.- 06.2017 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі - сектор меңгерушісі.
2017 жылдың маусымынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры. Марапаттары: ҚР БҒМ Құрмет грамотасы (1993 ж.); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2006 ж.); Қазақстан Республикасының мерейтой медальдары; ҚР БҒМ «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағы (2007 ж.); ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» белгісі (2009 г.). Ғылыми басылымдар: 140 - тан астам ғылыми мақалалар, 5 монография, оқулықтар мен оқу құралдары, 10 стандарттар мен 20 нұсқаулықтардың авторы.