Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » «Анашым – асыл әнім»
    07
    март
    2019

    «Анашым – асыл әнім»

    Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің 2018-2019 оқу жылында 7 наурыз күні өткізілген «Анашым – асыл әнім» атты іс-шара өтті.

    Мақсаты: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
             Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу, 
    ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

    Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде «Анашым – асыл әнім» атты Халықаралық әйелдер күніне орай іс-шара өткізілді. Елбасымыз Н.Н азарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында өткізілген іс- шараның ашылуында мектеп директоры Б.Сыдық аналарды, әйелдер, қыздарды мерекемен құттықтап, ардагер аналарды ортаға шақырып сый-сияпат табыстады.


    5 сынып оқушылары аналарға арнап жыр шумақтарын айтты, тілектерін білдірді және де 5,6,7 сыныптың биші қыздары қазақ биінен шашу шашты. 2 сыныптың биші қыздары да жұртты өзбек биімен тамсандырды.

    Мектебіміздің жезтаңдай әншілері 2 сыныптан Жыңғылбек Нұрайым «Қыз бала гүл», 4 сыныптан Түйетай Сезім «Әйел бақыты», Сабырхан Балжан «Әке - Ана», 1 сынып оқушысы   Жаңғали Ақсезімнің «Анашым қартаймашы» атты әнімен жұртты таңдай қақтырды. 




    Іс-шара соңында 5 сынып оқушылары «Ана туралы жыр» хорымен аяқтады.


    Кеш өте жоғары деңгейде өтіп, көрермендер көңілінен шықты.

    Прокомментировать
    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
    Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив