29
март
2019
мектебіміздің ағылшын пәнінің мұғалімі жеңіспен оралды
Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 29-наурыз күні ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби мәртебесін арттыру, әдістемелік шеберлігін шыңдау мақсатында «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі» байқауы өтті.


Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені облыстық үштілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің мұғалімі Т.Цхе жеңіп алса, І-орынға Тараз қаласындағы №24 гимназияның мұғалімі Р.Мубаракшина лайық деп танылды. Ал ІІ-орынды Сарысу ауданындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Д.Жамалова және Тараз қаласындағы Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға араналаған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының мұғалімі Ә.Тулыбекова теңдей бөліп алды. Жүлделі ІІІ-орынды Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Туғанбаева, Меркі ауданындағы В.Савва атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Р.Дүйсеқұлова және Талас ауданындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Э.Оразбаева иеленді.


Сондай-ақ, Жуалы ауданындағы Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Құттыбаева «Шығармашыл мұғалім» номинациясымен және Шу ауданындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі А.Бекбосынова «Ізденімпаз мұғалім» номинациясымен марапатталды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!