Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » Облыстық пәндік олимпиададан оқушымыз жеңіспен оралды
    05
    январь
    2019

    Облыстық пәндік олимпиададан оқушымыз жеңіспен оралды

    Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындыланды.Тараз қаласындағы №7 және 53 мектеп-гимназияларында жалпы білім беретін 15 пән бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Оған аудандар мен Тараз қаласынан 641 оқушы қатысты.
     Екі күнге жалғасқан облыстық пәндік олимпиадада өңірдің үздік білім ордаларының жоғары санатты тәжірибелі мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтады. Нәтижесінде, 282 оқушы 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оның ішінде 46 оқушы 1 орынды, 56 оқушы 2 орынды және 180 оқушы 3 орынды жеңіп алды. 
     Жеңімпаздарды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова қалалық мәдениет үйінде облыстық білім басқармасының дипломымен, алғыс хатымен, алтын, күміс, қола медальдармен және бағалы сыйлықтармен салтанатты түрде марапаттады.
     Олимпиадаға мектебімізден  «Қазақстан тарихы»  пәні бойынша   қатысқан 11 сынып оқушысы Сарыүйсінбек Қанат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Қанатты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.



    Прокомментировать
    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
    Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив