Дзюдо күресінен 2006-2007 ж.т. (ұлдар және қыздар) кіші жасөспірімдер арасындағы Бөлтірік шешен ауылының құрметті азаматы,тыл ардагері Малдыбаев Әкіманды еске алуға арналған Жамбыл облысының ашық турнирі өтті.
11-12 қазан күндері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен Дзюдо күресінен 2006-2007 ж.т. (ұлдар және қыздар) кіші жасөспірімдер арасындағы Бөлтірік шешен ауылының құрметті азаматы,тыл ардагері Малдыбаев Әкіманды еске алуға арналған Жамбыл облысының ашық турнирі өтті.


Жарысқа 12 командадан 240-қа жуық жас татами шеберлері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
240 баланың басын біріктірген дүбірлі дода Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде өтті.



Жалпы екі күнге ұласқан жарысқа Шымкент, Тараз қалаларынан және Байзақ, Сарысу, Мойынқұм, Меркі, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов , Жамбыл,Талас аудандарынан ауыл-аймақтарынан келген 240 бала қатысты. Олар 9 салмақ дәрежелеріне бөлініп татами төріне шықты. Спорттың бұқаралағын насихаттауға арналған турнир қорытындысына сәйкес 60 спортшы жүлделі орындарға ие болды. Барлығын сыйлықтармен марапатталды.


Бөлтірік ауылының құрметті азаматы,тыл ардагері арналған жарыс биыл ауылымызда екінші рет ұйымдастырылып отыр.