«Бастау» бастауыш сыныптар бірлестігінің арасында өткен «Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру» атты онкүндігінің қорытындысы
«Бастау» бастауыш сыныптар бірлестігінің арасында өткен «Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру» атты онкүндігінің қорытындысы
2019 жылдың 18-28 қараша күндері мектебімізде бастауыш сынып онкүндігі өткізілді. Онкүндік оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды.
Онкүндік мақсаты: «Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру»



Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшелктерін ескере отыра, рухани – адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері онкүндіктің жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:
- Оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;
- Сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формааларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.
Бастауыш сынып мұғалімдері ӘБ отырысында онкүндіктің жұмыс жоспарын қорытындылады. Барлық өткізілген ашық сабақтарда, тәрбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды. Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.
- қараша күні онкүндіктің ашылуы өткізілді.
2. «Жаңартылған білім болашақтың кепілі» баяндаманы С.Құлыбекова оқыды.
3.19 қараша күні1 «А» сынып жетекшісі Ынтықбаева К. сауат ашу пәнінен «М дыбысы мен әрпі» атты ашық сабағында қызықты тапсырмаларды орындатты. Ойын арқылы берілген тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятатының дәлелдеді.
4. 20 қараша күні «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында 4 сыныптарда шығарма байқауы болды.
5. 21 қараша күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған ақынның өлеңдерін қарасөздерін жаттау және оқу 1- 4 сыныптар арасында өткізілді.
6. 22 қараша Даярлық сыныбындасауат ашудан«Ұ дыбысы мен әріпі» тақырыбында ашық сабақ өткізген Ж.Жұмағұл сабақты сұрақ-жауап әдісімен бастап мультфильм көрсетілді. Қорытындыда балалар тақырыпты талдай келе өздері сюжет бойынша аппликация жапсырды.
7.25 қараша 4 «А» сынып жетекшісі Такеева Н. Әдебиеттік оқу пәнінен «Ескі қорғандардың сыры» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақты топпен жұмыс түрінде ұйымдастырып, қорытындыда венн диаграмма жүргізді.3 «Ә» сынып жетекшісі Болатбекова А. әдебиеттік оқу пәнінен «Түскі тамақ- күшті тамақ» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ арқылы шешілді. Одан әрі қызықты тапсырмалар орындалды. Тақтамен жұмыста орындалды.
8. 26 қараша 3 «А» сынып жетекшісі Сатекбаева С. қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Шығармашылық тапсырмалар орындалып, жаңа технологияларды пайдаланды. 2 «Ә» сыныбының мұғалімі Асилбекова Г. Сауат ашу пәнінен «Лепті сөйлем» атты ашық сабағында балалармен қызықты тапсырмаларды ұтымды ұйымдастыра білді.
9. 27 қараша 4 «Ә» сынып жетекшісі Тортаева С. жаратылыстану пәнінен «Заттардың қасиеті қалай өзгереді» атты ашық сабақ өткізді. Түрлі видеофильмдер көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын оята білді. Педогог- психолог Рахымбай Н. «Жақсы көңіл – күй жан азығы» тренинг өткізілді.











Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері көптеген қызықты сыныптан тыс шаралар өткізді.Онкүндік бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті.
Бірлестік жетекшісі: Ынтықбаева Күлшат