«Тіл- рухани қазына»
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде
2019-2020 оқу жылында 22 қыркүйек –Тілдер күніне орай өткізілген
«Тіл- рухани қазына»
атты тіл апталығы өтті.



Бөлтірік шешен ауылы Шоқан Уәлиханов орта мектебінің «Тіл- рухани қазына» атты 16-20 қыркүйек аралығында Тілдер күніне орай апталық өткізілді.
Мақсаты: қазақ тілі мәртебесін көтеру, тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін ,көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәжділік кеңістік қалыптастыру және тілдік белсенділіктерін жоғарлатуды ынталандыру;




Апталықты «Шапағат» тілдер бірлестігінің жетекшісі Рысбкова Ж. сөз алып, апталық жоспарымен таныстырды, тәрбие сағаттары тіл тақырыбына арналды,7-11-сыныптар аралығында «Ардақтайық ана тілін!»тақырыбына эссе жазылып, бастауыш сыныптарда «Ана тілім-асыл қазынам» атты ертеңгілік өтіп, «Тіл –рухани қазына» деген атпен монтажбен қорытындыланды. Апталықта 8-сынып оқушылары Ділдабек А. Омарбекова Е
10-сыныптан Ильяс А. Әбдіманап М. Есенқұл А. белсенділік көрсетті.