Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » «Бастау» бастауыш сыныптар бірлестігінің арасында өткен «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» атты онкүндік өтті
    26
    ноябрь
    2018

    «Бастау» бастауыш сыныптар бірлестігінің арасында өткен «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» атты онкүндік өтті

    «Бастау»  бастауыш сыныптар бірлестігінің  арасында өткен

    «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі»  атты

    онкүндік өтті 

             2018 жылы 16-25 қараша  күндері мектебімізде бастауыш сынып онкүндігі өткізілді. Онкүндік оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды. 

    Онкүндік  мақсаты: «Жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді пайдала отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту». 

    Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері онкүндіктің  жоспарын  құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды: 

     - оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру; 

    - сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту. 

    Бастауыш сынып мұғалімдері ӘБ отырысында онкүндіктің  жұмыс жоспарын қорытындылады. 

    Барлық  өткізілген ашық сабақтарда, тәрбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты. Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ: 


    Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды. Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді. Даярлық сыныбында жаратылыстанудан  «Жануарлар қайда мекендейді?» деген тақырыпта ашық сабақ өткізген Чакова Ж. сабақты сұрақ-жауап әдісімен бастап мультфильм көрсетілді. Қорытындыда балалар тақырыпты талдай келе өздері сюжет бойынша аппликация жапсырды.


    4 «А» сыныбында қазақ тілі  пәнінен «Жай және құрмалас сөйлем » тақырыбында ашық сабақ топтық  жұмыстар арқылы өткізілді. Сынып жетекшісі Ынтықбаева К. сабақта АКТ, СТО технологиялары қолданылды. 2 «Ә» сыныбында  математика  пәнінен «Қосу және азайту»  тақырыбында ашық өткізді. Сабағында  жазбаша қосу мен азайту кезіндегі амалдар тәсілін тәжірибеде пайдалана білуді топтарға бөліп, балалармен қызықты тапсырмаларды ұтымды ұйымдастыра білді.1 «А» сынып жетекшісі Құлыбекова С. сауат ашу  пәнінен «М дыбысы мен әрпі» атты ашық сабағында қызықты тапсырмаларды орындатты. Ойын арқылы берілген тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятатының дәлелдеді. 3 «А» сынып жетекшісі Такеева Н. қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақты топппен жұмыс түрінде ұйымдастырып, қорытындыда венн диаграмма жүргізді. 4 «Ә» сынып жетекшісі Тортаева С. дүниетану пәнінен «Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» атты ашық сабақ өткізді. Түрлі видеофильмдер көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын оята білді. 1 «Ә» сыныбының мұғалімі Асилбекова Г. Сауат ашу пәнінен «Қ дыбысы мен әрпі» атты ашық сабағында балалармен қызықты тапсырмаларды ұтымды ұйымдастыра білді. 3 «Ә» сынып жетекшісі  Рахымжанова Ж. әдебиеттік оқу пәнінен «Қысқы кеш» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ арқылы шешілді. Одан әрі қызықты тапсырмалар орындалды. Тақтамен жұмыста орындалды. 2 «А» сынып жетекшісі Сатекбаева С. қазақ тілі пәнінен «Сұраулы сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Шығармашылық тапсырмалар орындалып, жаңа технолгияларды  пайдаланды. 












    Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері көптеген қызықты сыныптан тыс шаралар өткізді. Онкүндік  бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті.