"ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН - ТӘУЕЛСІЗДІК" атты мерекелік іс шара өтті
Әлем картасының бетін ашқанда тоғызыншы орынды алып жатқан кең байтақ Қазақстанымыз күн санап жетіліп, озық 50 елдің қатарына кірді. Балаларға әжелері айтатын кешегі «Ер Төстік» сияқты еліміз күн санап қанаттанып, өркендеп, дамып келеміз.


Біз –бақытты ұрпақпыз... Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай боздақтың жанын, жақынын алған сұм соғысты мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.
Еліміздің елдігін ұлтын сақтап,
Бабалардың арманын іске ақтап.
Тәуелсіз ел болғалы арман бар ма?
Жиырма сегізге толғанын айтсақ мақтап.
Қазақтармыз, тәуелсіз қазақтармыз!
Қазақ деген халықпыз, ғажаптармыз!
Кешегі алыптардың даналығын,
Біз ұрпақ боп қолдаймыз, азат жанбыз!
Тәуелсіздік –бақытымыз, жемісіміз!
Тәуелсіздік – мақтан етер жеңісіміз!
Кеудемде жаным барда айта аламын,
Қазақ халқы әр қырынан тең істіміз!
Тәуелсіздік таңы мәңгі шарықтасын!
Азат елдің туы биік қалықтасын!
Қайда жүрсек мақтанышпен айта алатын,
Қазақ елі тек биікте шарықтасын!


Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту, елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту, елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеу, Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру мақсатында физика пәнінің мұғалімі Тайшикова Ақмарал Асылбекқызы 8-сынып оқушыларымен "ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН - ТӘУЕЛСІЗДІК" атты мерекелік іс шара өтті.