«Тәуелсіздік тұғырынан таймасын!»
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 27 жыл толып отыр.
2018 жылдың 14 желтоқсанында Талас ауданы Бөлтірік шешен ауылы Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде 1986 жылғы 16 желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, салт-дәстүрін сақтап,Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін құрметтей білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік тұғырынан таймасын!» атты мерекелік іс шара өтті. Салтанатты жиын мемлекеттік гимн шырқалуымен ашылды.





Іс-шарада қатысушыларға Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған мектеп оқушыларымен мен ауылдық мәдениет үйінің қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні бүкіл қазақ елін мекендейтін халық үшін ұлы мереке. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, 27 жыл ішінде Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуда орасан зор жетістіктерге жетіп, дүниежүзі мемлекеттерінің мойындауына ие болып отыр. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық мемлекетімізді қоғамдық келісім орныққан, тұрақты дамудағы мемлекет ретінде танып отыр. Тәуелсіздікке қол жеткізудегі, елімізде татулық пен бірліктің іргесін қалаудағы игі істер жайында көрсетілген бейне көріністер көрермендердің көңілінен шықты.


