Сәуле Мешітбайқызымен кездесу
1 желтоқсан күні Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Ел-анасы, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызының қатысуымен Талас ауданы Кеңес ауылдық округі, Бөлтірік шешен ауылы, Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде кездесу өтті.
Кездесуде Сәуле Мешітбайқызымен қазіргі заман талабы, Елбасымыздың жолдауымен жүзеге асырылып жатқан рухани жаңғыру, тіл мәселесі, ұлттық құндылықтар туралы әңгімелесіп, ерекше сезімге бөленіп, көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алғандай болдық. Ұстаздармен және болашақ жас түлектермен сұхбат жүргізіп білімге деген құлшыныстары жоғары болуына тілек білдірді.
«Біздің ең үлкен қасіретіміз — әлеуметтік желі. Менің бұл мәселе жөнінде «Ел боламын десең, әлеуметтік желіңді түзе», «Әлеуметтік желінің қаһары мен әлегі» деген мақалаларым жарияланды. Себебі, қазір үйінде отбасына дұрыс тәрбие бере алмай отырғандардың кез келгені әлеуметтік желіде батыр, ақылшы болып кетті. Өзі мынадай індеттен шаршап жүрген халыққа әлеуметтік желінің әлегі өте көп. Біз итің жаман десе намыстанатын халықпыз. Әлеуметтік желіні мен үнемі қарап отырмын. Бұл — менің міндетім. Себебі, мен халыққа дұрыс бағыт-бағдар беруім керек. Ол менің аналық, перзенттік парызым.»




