02
сентябрь
2020
Праймеризге қатысушы кандидат Берік Сыдық Сарыүйсінбекұлының САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Праймеризге қатысушы кандидат
Берік Сыдық Сарыүйсінбекұлының
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Талас ауданының тұрғындары!
Мен қасиетті Талас жерінде туып-өстім. Жоғары оқу орнын бітіріп, білім саласына жұмысқа тұрғаннан бері осы өңірді дамыту жолындағы сан алуан жұмыстарға, әсіресе, халықты біліммен қамтамасыз етуге, білім саласын дамытуға белсене араласып келемін.
Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін. Осы орайда «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға бел будым. Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады. Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.
Сайлау алдындағы біздің басты ұстанымымыз: «Халықпен бірге биік белестерге ұмтыламыз».
Менің басты мақсатым – Отаным, біздің Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жасампаз ел болуына белсенді қатысу. Бірінші кезекте, еліміздің саяси тұрақтылығының, ұлтаралық және дінаралық келісімнің нығаюын, әрбір қазақстандықтардың бір- бірін құрметтей білуін қамтамасыз етемін.
Елбасымыздың біздің мемлекетіміздің гүлденуі мен әл- ауқаты жасқартуға арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясын , «5 әлеуметтік бастамасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша еліміздің түбегейлі жаңа ортаны қалыптастыру және алдағы жылдары үшін оның тұрақты дамуы үшін берік негіз болатын «Ұлт жоспары – 100 қадам» саясатының жүзеге асырылуын қолдаймын.
МЕНІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАМ МЫНАДАЙ БАСЫМ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАМТИДЫ:
- Ауыл-аймақтардың инфроқұрылымының дамуына, көшелер мен саябақтардың абаттандырылуына, балаларға арналған спорт алаңдары мен мәдени нысандарының құрылысына жағдай жасап, денсаулық салауатты өмірдің басты кепілі ретінде оларға жаппай денешынықтыру, спорт, мәдени мұра мен шығармашылық белсенділіктерін насихаттау және дамыту үшін балалар мен жастардың бос уақытын өткізуге қолайлы жағдай жасау.
- Біз ауданның жер қойнауының байлығын пайдаланып, жаңа инвесторларды тартуға күш саламыз және сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін Талас ауданының артықшылықтарын пайдаланамыз.
- «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыруға жәрдемдесетін боламын. Автомобиль жолдарының сапасын арттыру, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға жеткізуге үлес қосамын.
- Талас ауданында елді мекендерді толық газбен қамтамасыз етуге, жол техникалық қызмет көрсету мен көшелерді жарықтандыруды жақсартуға күшімді саламын.
- Ауданымыздың кейбір аймақтарында су қорларының тапшылығы экономиканың кен өндіруші салаларын дамыту үшін табиғи әлеуетті толық іске асыруға мүмкіндік бермейді, осыған орай елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз етуге ықпал етемін.
- Ауыл-аймақтарда қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және азаматтардың оны кеңінен пайдалануға көшуі мақсатында Интернет желісіне ауқымды қосылуды негізгі басымдықтардың бірі етіп қоямын.
- Біз білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларда сапалы қызмет көрсетуді қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, аудан халқының өмір сүру жағдайын жақсартатын боламыз.Бүгінде ауданда білім, денсаулық мамандардың тапшылығы байқалады, мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастарды ауылдық жерлерге тарту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға маман тарту бағытында жұмыс жасаймын. Білім беруде білім беру сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға баса назар аударатын боламын.
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Біздің міндетіміз - Талас ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау.
Біз ауданның әрбір тұрғыны жайлы өмір сүру, даму және өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын бірге құрамыз.
Сайлау алдындағы біздің басты ұстаным: Халықпен бірге биік белестерге ұмтыламыз. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр!Біріншіден, тұрғындарды мазалаған мәселелерді шұғыл шешу қажет. Екіншіден, еліміздің дамуындағы аса маңызды сұрақтар бойынша «билік - қоғам» диалогын ұйымдастырамыз.
БІЗДІ БІРІКТІРЕТІН ОРТАҚ МАҚСАТ - ӘР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ.
ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАҢЫЗ
ЖӘНЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАҢЫЗДАР!
Посмотреть онлайн файл: b_sydy-prajmeriz-badarlama.doc