20
февраль
2024
«Келешекке-кемел біліммен»
22 қаңтар мен 20 ақпан аралығында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде «Шапағат» гуманитарлық пәндер бірлестігінде «Келешекке-кемел біліммен» атты айлық өтті.
Жоспарланған іс-шараның барлығы өз дәрежесінде өтіп, пән мұғалімдері белсенділікпен ат салысты.
Айлық барысында тоғыз ашық сабақ, атап айтар болсақ, қазақ тілі пәнінен 7а – сыныпта Ұ.Мелдебекованың «Көксерек» әңгімесі, орыс тілінен 7а – сыныпта Т.Хамитбекованың «В мире чисел», ағылшын пәнінен 9ә-сыныпта Оразбаеваның «My Country Abai Qunanbayuli», тарих пәнінен А.Керімқұлованың 8-сыныптағы «Қазақстандағы ұжымдастыру» атты ашық сабақтары, 5-10-сыныптар арасында өткен ақиық ақын М.Мақатаевтың оқулары бойынша 7а- сынып оқушысы Жыңғыл Нұрай женімпаз атанса, орыс халқының ұлы ақыны Пушкин оқуларында 10-сынып оқушысы Тұрсынбек Әйгерім жеңімпаз болды. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру мақсатында тарих пәні бойынша «Үздік тарихшы», ағылшын пәні бойынша 9-сыныптар аралығында «Polyglot”, 4-5-сыныптар арасында «Welcom to a fairi word» зияткерлік ойындары, 10-11-сыныптар аралығында «Тарих саңлақтары»атты дебат, 9-сыныптар арасында «Заң мен қоғам» білім сайысы,5-7-сыныптар аралығында «Оқуға құштар оқушы» сайысында 9а-сынып оқушысы Илияс Әміржан жеңімпаз атанды,7-сыныптар арасында Тұяқбай Гүлнұрдың ұйымдастыруымен « Ана тілің-арың бұл» атты сыныптан тыс іс-шара, бірлестік жетекшісі Ж.Рысбекованың «Оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер» коучингі, мектеп психологі К.Рахымбайдың «Мұғалім- жеке тұлға» тренингі мұғалімдер мен оқушылардың ыстық ықыласына бөленіп, өз білім деңгейлерін көрсетті.
Айлық барысында пән мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, ой бөлісіп, « Жұмыла көтерген жүктің жеңіл» болатындығын, алда талай белестерді бірге атқарып, талай жетістікке жететіндіктеріне сенімдері мол.











