«Қыз болашағы – ел болашағы»
«Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген екен ата-бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Қыз баланы тәрбиелеуде ұлттық тәрбие, ұлттық педагогика негіздерінің алар орны ерекше. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз. «Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тыйым» жасайды.





11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде «Қыз болашағы – ел болашағы» атты онкүндік өткізілді. Онкүндіктің жоспарына сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ, 4-қазан күні «Медицина қызметкерлерімен кездесу», 7-қазан күні «Сен өз құқықтарыңды білесің бе?» тақырыбында дөңгелек үстел, 8-қазан күні «Қыз Жібек» «Қыз күнделігі: жеке бас гигиенасы» атты дискуссиялық алаң, 9-қазан күні педагог-психологтың ұйымдастыруымен «Жақсы көңіл күй – жан азығы» тренингі, 10-қазан күні мектеп медбикесінің «Ерте жүктіліктің алдын алу» баяндамасы, 11- қазан күні 4-сынып оқушыларымен «Әдептілік – тәрбие бастауы», 6-8 – сынып оқушыларымен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізіліді.




