15
ноябрь
2019
«ТЕҢГЕ-ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЛБЕТІ»
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылы орта мектебінде ұлттық теңге күніне орай 3 «А»сыныбында «ТЕҢГЕ-ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЛБЕТІ» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, кімдер жасағаны туралы мағлұмат бере отырып,патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында теңгенің шығу тарихы туралы бейнебаян көрсетіліп, слайдтар арқылы қағаз ақшалар мен монеталар көрсетілді. Балалар топпен, жұппен теңгеге байланысты тапсырмалар орындап, теңге жайлы өлеңдер оқыды. Оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде тәрбие сағатының маңызы зор болды.