Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" атты ІІ аудандық слет
    23
    май
    2018

    "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" атты ІІ аудандық слет

    2018 жылы 23 мамыр күні  Қаратау  қаласының  орталық алаңында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға—талантты ұстаз» атты ІІ аудандық үздіктер  слеті өтті. Орталық алаңға ауданымыздың талантты да дарынды балаларының жүзден жүйрігі, мыңнан тұлпары ғана қатысты. 
     Ауданның 2017-2018 оқу жылындағы білім саласындағы жеткен жетістіктеріне арналған салтанатты жиынға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімінің басшысы, мектеп директорлары, ата-аналар, зейнеткер-ұстаздар, еңбек ардагерлері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты. 

     Бұл шара облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаз және  жүлдегер атанған оқушылар мен ұстаздардың  жұмыстарын таныстыру үшін ұйымдастырылып отыр. Биылғы жыл аудан үшін білім саласында да, спортта да өте жемісті жыл болды деп зор сеніммен айта аламыз. Оқушыларымыз аудан, облыс, республика, халықаралық дәрежедегі сайыс, конкурс, олимпиадалардан, ғылыми жобалардан, зияткерлік марафондардан жүлделі орындарды иеленіп, ауданымыздың мәртебесін көтеруде. Осыдан-ақ, ауданымыздың балаларының жан-жақты білімді де дарынды, ұстаздарымыздың талантты екендіктерін көреміз. 
    Іс –шара барысында мектебіміз «Үздік ұжым» номинациясы бойынша марапатталып, 7 408 000 теңгенің  сертификатын жеңіп алды.