"Кемелді келешекке-Кемеңгер Елбасымен!" атты аудандық форум өтті
«Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен!» атты тақырыпта аудандық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер форумы өтті. Жиында бірқатар ұланбасылар марапатталды. Ал белсенді оқушылар ұйымға мүшелікке өтіп, «Жас ұландықтардың» қатарын толықтырды. Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің ұланбасы, 7-сынып оқушысы Омарбекова Еркеайым 2017-2018 оқу жылында көрсеткен жетістіктері үшін марапатталды.
Аудандық форум жасұландықтардың көңілді флешмобымен ашылды. Белсенді оқушылар ұран сөздерін айтып, әуеге шарлар ұшырды.
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 2011 жылы Елбасының қолдауымен құрылған болатын. Бұл ұйымның негізгі мақсаты-өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен білім арқылы өзін-өзі дамыта отырып, Отан сүйгіштікке баулу болып табылады.



