Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » "Күз мереке-күз береке" атты мерекелік іс-шара өтті
    18
    октябрь
    2018

    "Күз мереке-күз береке" атты мерекелік іс-шара өтті

    Күз береке, күз мереке дейді дана халқымыз күздің керемет қазынасы көктемде еккен дақылды төкпей-шашпай жинап алу. Егінші қауымы бақшасын жинап мол өнім алып жатса,біздің мектебімізде 1-4,5-7,8-10 сыныптар арасында «Күз береке,күз мереке» атты байқау ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға барлық сынып оқушылары атсалысты.

    Байқаудың мақсаты оқушылар арасында ауызбіршілікті дамыту,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Байқау шарттарымен оқушылар алдын-ала таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жасалынды. Төрешілер сайланды. Олар   ДТІЖО-С.Айқараева, психолог –Қ.Молжігіт, Математика пәнінің мұғалімі- Әкіман Ж.

    Ойын шарттары түгел орындалды. Қатысушылар арасында 1 «а»сынып оқушылары өте белсеңділігімен көзге түссе, 2 «а»сынып оқушылары сән үлгісімен көзге түсті.Сайыс қызықтыәрі тартысты өтті. Сонымен қатар,қатысқан сыныптардың барлық ұпай санын есептеп, қорытындылай келе балалардың сағын сындырмас үшін оқушыларды әр түрлі номинауия бойынша марапатталды. І-орын 7-сынып оқушылары, ІІ-орын 6 «а»сынып оқушылары иеленді.

    ІІІ-орын 5-6 «ә»сынып оқушылары иеленді.

    Жоғарғы сыныптар арасында 9-сынып І-орынға иеленсе, ІІ-орын 8-сынып,ІІ-орын 10-сынып оқушылары марапатталды.