16
октябрь
2018
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты әдеби-сазды кеш
Жылдағы дәстүр бойынша мектебімізде «ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ» атты әдеби сазды кеш аталып өтілді. Әр жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл мерекеге ауылымыздың тыл еңбеккерлер және ауылымыздың дамуына ерекше еңбектері сіңген ата-апаларымыз шақырылды.
Халықаралық қарттар күні - бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл - жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Биылғы жылы Талас ауданының 90 жылдығымен тұспа – тұс келген мерейлі мереке. Шара соңы 7-сынып оқушыларының арнайы дайындалған әдеби сазды бағдарламасымен жалғасты.