Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » Сізді және сіз басқарып отқан педагогикалық ұжымды ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
    13
    декабрь
    2018

    Сізді және сіз басқарып отқан педагогикалық ұжымды ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

    Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады, 
     Сан армандар іске асты ойыңдағы. 
     Терезесі тең елдер қатарында 
     Салтанатпен өтуде тойың - дағы.
     Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік, 

    Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп, 
     Азаматтар ақтады сеніміңді 
     Талай істе танытты кемеңгерлік.
     Сізді және сіз басқарып отқан педагогикалық ұжымды  ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! 

     Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. 

    Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!


                                                         Ізгі ниетпен: Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің ұжымы