Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » «IQANAT» республикалық олимпиадалық байқауының аудандық іріктеу кезеңі басталды.
    14
    декабрь
    2018

    «IQANAT» республикалық олимпиадалық байқауының аудандық іріктеу кезеңі басталды.

    Ауданымызда  «IQANAT» республикалық олимпиадалық байқауының аудандық іріктеу кезеңі басталды. Бүгін ауданымыздың  оқушылары бақ сынады. Республикалық кезеңге дейін жетіп, жеңімпаз атанғандар шетелдің және еліміздің үздік ЖОО-ның білім гранттарын иеленетін болады.

    Озаттардың ішінен ең мықтысын таңдайтын білім додасы жеңімпаздары тегін оқуға жолдама алады. Өңірде алғаш рет ұйымдастырылыған байқауға 283 оқушы қатысты.



    Олимпиаданың аудандық іріктеуі кезеңі Талас ауданы Қаратау қаласындағы "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"  КММ  өтті. Аталған байқауда оқ бойы озық шыққандары еліміздің және шетелдің жоғарғы оқу орындарының гранттарына ие болады. 

    Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
     - қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл
     оқушыларының шығармашылық,танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру;
     - оқушылардың математика, физика, ағылшын тілі
     және әдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру;
     - оқушылар арасында тікелей байланыс пен
     тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
     Олимпиада әр жарты жыл сайын келесі пәндер
     бойынша өткізіледі:
     • Математика
     • Физика
     • Ағылшын тілі
     • «Эрудит» эссе конкурсы

    Осы байқау аясында «АЙЛС» тестілеуіне де дайындықтар жүргізіледі. Мектеп оқушылары үшін құлаққағыс, келесі жылға өтінімдер қабылдау “Айқанат.кз” сайтында жүзеге асырылады.