Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » Мектеп оқушылары арасында аудандық пәндік олимпиада өтті
    07
    декабрь
    2018

    Мектеп оқушылары арасында аудандық пәндік олимпиада өтті

    2018 жылдың 6-7 желтоқсан  күндері Қаратау қаласында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия» КММ базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Мектеп оқушылары арасында аудандық пәндік  олимпиаданың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.  Білім додасына аудан мектептерінен барлығы 400 оқушы қатысты. Оқушылар алдағы екі күн бойы үздіктер қатарынан көріну үшін бақтарын сынамақ. Қатысушылардың білім деңгейі  екі кезеңнің қорытындысы бойынша сараланатын  болады. 



    Пән олимпиаданың ашылу рәсімінде Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Күлшат Қожатаева оқушыларға сәттілік тілеп, аудандық пән олимпиаданың жеңімпаздары ертеңгі  күні облыс көлемінде ауданымыздың абыройын асқақтатуға үлес қосуларын ерекше атап өтті. Ұстаз еңбегінің жемісі-шәкіртінің жеңісі. Міне,қажырлы еңбек пен ізденістің арқасында шәкірттері биік белестерден оза шапса, ол әр ұстаздың мерейі, жемісі деп білеміз.

    • «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн.

    Олимпиаданың бірінші күні аудандық әдістемелік орталықтың  әдіскерлері тапсырмаларды оқушыларға таратып, сәттілік тіледі. Екі күнге созылған олимпиада жұмысын арнайы құрылған комиссия мүшелері мұқият қарап, оқушылардың алған ұпайына қарай орындар берілді.