КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ

КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ Өткенді білмей, Қазіргінің мәнін, Болашақтың мақсатын білу мүмкін емес. М.Горький. Мектеп келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен халқын гүлдентер, мейірін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі тірегі – білімді де білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет–бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан «Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылының орталығында орналасқан. Мектептің алғашқы ірге тасы 1961 жылы 15 тамызда қаланды, 1962 жылы 6 маусымда мектепке «Шоқан Уәлиханов»атындағы орта мектебі атауы берілді. Мектеп –халықтың рухани бесігі, ал мектеп тарихы гүлдену жолының қалыптасуы. Әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы бар. Мектептің ұзақ жолы – өшпес тарих, жасалған іс-әрекеттер, тұлғалар, әдет-ғұрыптар. Кеме — капитансыз болмайды демекші, мектеп тарихында әр кезеңдегі директорлар алтын әріппен сақталған. 1. Төрегелдиев Бәзет 1961-1962жж 2. Жылқыайдаров Әлкен 1962-1964жж 3. Молдабеков Смағұл 1964-1972жж 4. Таласбаев Тұрар 1972-1984жж 5. Ыбышов Амангелді 1984-2004жж 6. Сыдық Берік 2004 ж Мектебім – алтын ұям. Әр адамның өмірінде бұл қымбатты сөз. Сан жылдар өтсе де, мектебің туралы естелік мәңгілікке өміріңнің жарқын парақтарындай есіңде сақталары сөзсіз. Білім әлеміне алғашқы қадамдарын басқан балғын бөбектерге ғылымның сырын ұқтырып, болашаққа жол бастайтын да — мектеп. Ал ұстаз сол әлемге жетелеуші. Осы уақытқа дейін құрмет пен зор алғысқа бөленген ұстаздар қауымы: Қазақстан Республикасы және КСРО халық ағарту ісінің үздіктері
Талас ауданында тұнғыш аға мұғалім атағын алған және Қазақстан Республикасынын халық ағарту ісінің үздігі
«Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі
Қазақстан Республикасының спорт шебері-1987 ж Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі-1999 ж Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы-2006 ж Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері-2007 ж Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қызметкері-2014 ж Талас ауданды мәслихатының депутаты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық медалінің иегері
Қазақстан Республикасы Конститутцияның 20 жылдық медалінің иегері
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздіктері атағының иегерлері
Мектеп түлектері ақын,жазушылар,журналистер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің құрмет грамотасының иегерлері
Ұстаз болу жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу — мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы. Демекші, осындай қызығы да қиындығы мол мамандықты таңдап, аянбай білім нәрін оқушыларға ұялата білген, үлкен өмірге жол сілтеуші мұғалімдер мектеп тарихының әр жылында сақталған. Мектептің ардагер ұстаздары
Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы – білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда. «100 мектеп, 100 аурухана » мемлекеттік бағдарлама аясында 2009 жылы 150 балаға арналған типтік жобадағы мектеп үйі салынып пайдалануға берілді. Осы кезеңнен бастап киелі білім ордасы еңсесі биік, сәулетті оқу орнына айналды. Мектептің педагогикалық ұжымы заман ағымына сай заманауи әдістерді, технологияларды, жаңа көзқарастарды енгізіп, ілгері жылжып келеді.«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз жырлағандай жас мамандарға ақылшы,үлгі тәлімгер болатын тәжірбиелі ұстаздарды мектебіміз әрқашан мақтан тұтады. 56 жылда мектептен 1000 астам түлектер ұшырылып, қазіргі таңда әр салада қызмет атқаруда. Мектеп мақтаныштары: Мектеп түлектері мемлекеттік қызметте
Мектеп түлектері ғылым докторлары
Мектеп түлектері ғылым кандидаттары
Мектептен шыққан спорт майталмандары 1. Далабаев Жандос-Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы,Азия және әлем чемпионы,Қазақстан Республикасының кубогының иегері,Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 2. Далабаев Елдос- Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Азия жүлдегері, Қазақстан Республикасының кубогының иегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы 3. Тенгебай Айдос -Қазақ күресі және Дзю-до,Самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Қазыналы білім ордасына айналған Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын медальға» «Алтын белгі», «Үздік аттестат» «Күміс медальға» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда. Мектепті «Алтын медальға» бітіргендер 1. Шаханов Майыр 1962 ж 2. Серікбаев Кенже 1965 ж 3. Әлтеев Жұман 1972 ж 4. Ыбышова Мұхан 1980 ж Мектепті «Алтын белгі»төс белгісімен бітіргендер 1. Сабыралиева Сағадат 2008 ж 2. Ошақбай Таңшолпан 2010 ж 3. Ыдырыс Манас 2011 ж 4. Алсай Мәулен 2015 ж 5. Ильяс Дамир 2017 ж Мектепті күміс медальға бітіргендер 1. Әлімбаев Базартай 1966 ж 2. Бегімбаев Дулат 1966 ж 3. Әуезов Ануар 1968 ж 4. Наетов Әбу 1968 ж 5. Булатов Асан 1969 ж 6. Мамырбеков Райхан 1971 ж 7. Әкімжанов Шерхан 1972 ж Мектепті үздік аттестатқа бітіргендер 1. Егембердиев Ерлан 1995 ж 2. Далабай Елдос 1995 ж 3. Сәтекбаева Салтанат 1997 ж 4. Тәттібаева Дариға 1999 ж 5. Айтбаева Замира 1999 ж 6. Сабыралиева Әсел 2000 ж 7. Малдыбаева Бағила 2000 ж 8. Әсілбекова Гүлнар 2000 ж 9. Төленов Жасұлан 2002 ж 10. Тәттібаева Рабиға 2003 ж 11. Қоршыбекова Нұрайлым 2003 ж 12. Омарбекова Ақерке 2003 ж 13. Маханова Айгерім 2003 ж 14. Бұралқы Әсел 2011 ж қазіргі уақытта өз орындарын тауып, әр саланың білікті де білгір мамандарына айналған керемет тұлғалар, мектеп сенімін ақтай білді. Сондай-ақ ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде кеудесін отқа тосқан мектеп түлектері, интернационал жауынгерлер өнегелі өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек
2016-2017 оқу жылы Ұлттық тестілеу тәсілімен емтихан алу барысында мектебіміздің оқушылары жақсы көрсеткіштерге жетіп, Талас ауданы бойынша алдыңғы қатарға еніп, мектебіміздің аты алтын әріптермен жазылды. Бұл, әрине үлкен жетістік. Қазіргі таңда әртүрлі жоғары оқу орындарында оқып жатқан, еңбек етіп жүрген және мектеп партасында білім алып жатқан шәкірттеріміз мектеп тарихының жарқын беттерін алтын әріптермен жазылатын тың оқиғалармен толтыра түсетініне сеніміміз мол. | |
Мектеп ұжымы қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. Осы мақсаттағы басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық, азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, дамытуға бағыт болған білім алуға қажетті шарттар жасау, оқушыларға үш тілді меңгерту, мектепті компьютерлендіру және интернет жүйесімен жұмыс жүргізуді басты назарға алуда.
Мектеп ұжымы Елбасының «Қазақстан–2050» стратегиялық даму бағдарламасынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды.
Білім мен өнерді қатар ұштастырған киелі білім ордасы алдағы күннің талабына сай зор міндеттерді орындауды мақсат етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңгі–бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп өз сөзінде айтқанындай, білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының алдында тұрған үлкен мәселе. Міне, осындай үлкен жетістікті арқалап келе жатқан мектептің әлі де жетер жетістігі, алар асуы, бағындырар белесі әлі алда.
Міне,бұл біздің мектептің қысқаша өмірбаяны, бірақ тарихымыз әрбір оқушы мен ұстазда өз жалғасын табады. Оқушы мен ұстаз мектептің жаны, тіршілігінің тынысы. Мектеп – жай ғана ғимарат емес, мектеп – бұл ұжым. Ал ұжымымыз достықты бағалайтын, бірлігі жарасқан, еңбекқор жандардан құралған. Заман мен білім берудегі талаптар өзгерсе де бір нәрсе өзгеріссіз қалды, ол оқушыларға деген шынайы мейірімді қарым-қатынас. Осы бір мейірбандылық пен құрмет тұту қасиеттері мектебіміздің ең басты байлығы.
«Ата жолы — бала жолы» демекші, мектебіміздің тарихын зерттеу барысында жинақталып, жүйеге келтірілген деректер, өскелең ұрпақты мектеп тарихымен сусындатып, аға буын өкілдерінің жақсы істерінің үлгісінде тәрбиелеуге, үлесін қосар еді деп ойлаймыз.