Әлімбаев Базартай
Базартай Әлімбаев
Экология, тіршілік қауіпсіздігі халықаралық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор
Әлімбаев Б. 1948 жылдың 1 шілдесінде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бөлтірік ауылында дүниеге келген.
1955 жылы Қызылжар жеті жылдық мектепте оқуды бастады. 1966 жылы Шоқан Уалиханов атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірді. Сол жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтына түсіп, 1971 жылы Өндірістік азаматтық мамандығы бойынша қызыл дипломмен аяқтады. Алған мамандығы «Құрылыс инженері».
1971 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының «Құрылыс конструкциялар» кафедрасына жас маман ретінде жұмысқа қабылданды. 1974 жылы Москва гидромелиоративтік институтының «физика» кафедрасына аспирант етіп қабылданды. Аспирантура оқып жүрген кезінде Москваның Құрылыс инженер институты, Москваның жоғары техникалық училищесі, Бүкілодақтық құрылыс монтаждаудың ғылыми-зерттеу институты, Интроскопияны зерттейтін ғылыми институт, Машина құрылыс технологиясының орталық ғылыми зерттеу институттарымен шығармашылық байланыста болды.
1977 жылы, аспирантураны бітіріп келген соң Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс иститутының «Құрылыс инструкциялар» кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды.
1982 жыл Машинақұрылыс технологиясының Орталық ғылыми-зерттеу институт жанындағы арнайы ғылыми кеңесте «Болаттың жазық кернеулі жағдайын электромагниттік әдіспен талдау» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
1982-1988 жылдары «Құрылыс конструкциялары» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
1986 жылы оған доценттік ғылыми атақ берілді.
1999-1991 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының кәсіподақ комитет төраға қызметін орындады. 1991-2002 жылдар аралығында «Құрылыс конструкциялар» кафедрасының доценті болып қызмет атқарды.
2001 жылы «Гидротехникалық құрылымның металл конструкциялар элементтеріндегі кернеулік жағдайды бақылау» тақырыбында докторлық диссертация қорғады, сол жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестациялау комитеті оған техника ғылымдарының докторы дәрежесін берді.
2006 жылдан профессор ғылыми атағы бар, 2008 жылдан Қазақстанның құрметті құрылысшысы.
Базартай Әлімбаев оқыту процессін ғылыми-зерттеу және жобалау қызметтерін бірге жүргізіп келеді:
2002 жылдан университетте құрылған «Сенімділік» ғылыми-зерттеу орталығына басшылық жасап келеді. 2002-2012 жылдар аралығында «Сенімділік» ғылыми-зерттеу орталығы 100 млн. тенгеден артық жобалау-зерттеу жұмыстарын атқарды.
Ол, 2002 жылы Тараз қаласының шығыс кіреберісіндегі көпірдің құлайтынын алдын-ала болжап білді.
Оның жетекшілігімен орындалған Құлан ауылындағы орта мектептің зерттеу сараптамасы мемелекет бюджеттерін 50 млн.тенге үнемдеуге мүмкіндік берді.
Б. Әлімбаев төрт монография, екі оқу құралы, 15-ке жуық патент, 120-ға жуық ғылыми-әдістемелік мақалалар жазды.
Қазір «Тараз университеті» баспасының директоры «Құрылыс және материалдар өндіру» кафердрасының профессоры қызметін атқарады.
Үйленген. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.