Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » ШОҚАН МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ХАЛЫҚҚА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫН ЗОР ЫҚЫЛАСПЕН ҚАБЫЛДАДЫ
    02
    сентябрь
    2019

    ШОҚАН МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ХАЛЫҚҚА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫН ЗОР ЫҚЫЛАСПЕН ҚАБЫЛДАДЫ

    ШОҚАН МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫ  ПРЕЗИДЕНТТІҢ ХАЛЫҚҚА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫН ЗОР ЫҚЫЛАСПЕН ҚАБЫЛДАДЫ

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты жолдауын Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінің ұжымы арнайы ұйымдастырылған эфирден тамашалады. 


    Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Еліміздің әрбір азаматы Президент жолдауын асыға күтеді. Қ.К.Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты жаңа жолдауын тыңдаған мектеп мұғалімдері мен қызметкерлер  құрамы ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға куә болды. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдаған жолдауының   негізгі бағыттары бұған дейін Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруға бағытталған. Біріншіден, идеология туралы, әсіресе «NurOtan» партиясының қазіргі беделі, негізгі бағыты халықтың ішінде рухани тәрбие мен идеология қалыптастыру, сондай-ақ көптеген мәселелерді халықпен санасу керектігі сөз етілді. Сонымен қатар, білім беру сапасын жақсартуға аса мән берілді. Сөйлеген сөзінде келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды. 

    Жолдауды жан-жақты талқылап, өзара пікір алмасқан педагогтар құрамы келер күнге үлкен үмітпен қарап отыр. Ең бастысы, олардың әрқайсысы Президент қойған тың міндеттерге үлес қосуға әзір. 

    Прокомментировать
    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
    Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив