«Елін сүйген-елбасы»
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде 1-желтоқсан Президент күніне орай «Елін сүйген-елбасы» атты іс-шара өтті.
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде Президент күніне орай « Болашаққа бағдар,Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша: «Елбасымен еңселі-Қазақ елі» атты салтанатты жиын өткізілді.Іс-шараның мақсаты: Елбасымыздың өмірбаянымен таныстыру және елі үшін аянбай еңбек еткен еңбек жолдарын паш ете отырып оқушыларды еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сонымен қатар кеш барысында оқушылар әннен шашу шашып,өлеңмен өрнек салды.Оқушылар «Елбасыға»арнап жыр шумақтарын арнады.Кеш өз деңгейіңде өтті. Мерекелік кешке жиналған ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдері зор алғыстарын айтып тарқасты.


