2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ» АТТЫ
Берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін кештердің бірі «Алтын күз» мерекесі. Күз мезгілінде сап-сары алтындай күйге енетін табиғат көркі, пісіп- жетілген жемістер адам жанына берер жылуы мол. Күз табиғаттың әр түске боялатын мезгілі.
Мектебімізде берекелі күзге арналған «Арайлы алтын күз» сайысы атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік іс-шараға мектебіміздің 1-4 сынып оқушылары белсене қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар 5-10 сыныптар аралығындағы оқушылар жылдағыдан өзгеше әртүрлі көрініс , би, ән арқылы таныстырды.
Жалпы кеш жоғары деңгейде болып, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды. Сайыскерлердің бәрі мақтау қағазымен, грамоталармен марапатталды. Кешке жауапты ұстаздар өздерінің жауапкершік қабілеттері мол екендігін көрсетті.
Кеш мақсаты оқушылардың әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру, уақыттарын көңілді өткізу. Осындай айдарлы кештер жыл бойына жалғасын табады деп сенеміз. Оқушылардың әлі де талай жақсы өнерлерін көреміз деген ойдамыз.