03
май
2024
«Ізденімпаз ұстаздан –сапалы сабақ» атты жас мамандар бірлестігінің әдістемелік онкүндігі өтті
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде 22.04 – 3.05 аралығында «Ізденімпаз ұстаздан –сапалы сабақ» атты жас мамандар бірлестігінің әдістемелік онкүндігі өтті.

Онкүндікте жас мамандар бірнеше ашық сабақтар берді. Қызықты ойындар мен әдіс – тәсілдер, түрлі интернет ресурстарын пайдаланып өтілген сабақтар жоғары деңгейде өтті. «Критериалды бағалау – білім сапасының маңызы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелде жас мамандар критериалды бағалау жайлы пікірлесті. Мектеп психологі жас мамандармен тренинг өткізді. Онкүндік соңында өткізілген барлық іс – шаралар талқыланып, қорытындыланды.