Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс телефондары:
+7(72-644) 2-02-15
+7(775) 982-81-54
  • FACEBOOK
  • Нашар көрушілер
    нұсқасы
    » » «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Көп оқып, көп білуге ұмтыл» атты «Буккросинг» акциясы өтті
    15
    октябрь
    2019

    «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Көп оқып, көп білуге ұмтыл» атты «Буккросинг» акциясы өтті


    Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде 

    «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 

    «Көп оқып, көп білуге ұмтыл» атты «Буккросинг» акциясы өтті



    Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде қазан айында мектеп кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Көп оқып, көп білуге ұмтыл» атты  «Буккросинг» акциясы өткізілді.Акцияға мектеп ұстаздары мен оқушылар тарапынан 24 дана кітап сыйға тартылды.Акцияға қатысушылар  арасында осы мектептің түлегі, қазіргі таңда Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің  ректоры   Балықбаев Тахир Оспанұлы ағамыз мектебіміздің кітапхана қорына өзінің жеке үй  кітапханасынан 54 дана тарихи энциклопедиялар және әдеби кітаптар, сөздіктер табыс етті. «Оқып болсаң, досыңа бер» қағидасын ұстаған оқушылар үйлерінен көркем әдеби кітаптарды алып келген.Оқушылар үшін кітап алмасу акциясы мереке, өйткені бұрын соңды оқымаған әдебиеттерін сатып алмай-ақ, осы жерден тауып жатыр.Кітапты оқысақ, кейіпкермен бірге қобалжып , уайымдап кейіпкердің эмоциясын түсіне аламыз деп өз пікірлерін, ойларын жеткізді.Бүгінгі шараның соңын мектеп кітапханашысы қорытындылады.Адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін ешбір технология баса алмайтындығын атап өтті.Кітап – рухани қазына.

    Бұл шаралардың басты мақсаты-кітапхана қорын көркем әдебиеттермен толықтыру, мектеп оқушылар мен ата – аналарды, ұстаздарды және де өзге де мамандарды жұмылдыру арқылы қоғамды кітап оқуға үгіттеу жастардың бойындағы рухани мәдениетті дамыту.





    Прокомментировать
    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
    Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив