«ЖИТС – ғасыр дерті»
Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен ауылының орта мектебінде өткен «ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбында
тәрбие сағаты
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС–пен күрес күніне және оған ұштастырылған 10 «А» сыныпта «ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, ЖИТС-тің адам ағзасына зиянды ісерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында Әлем және Қазақстандағы ЖИТС ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Сынып «Болашақ» және «Денсаулық» топтарына топтарына бөлініп, ортаға «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?», «Сізге қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?» ситуациялық сұрақтары тасталды. Екі топ постер жасап тақтаға шығып қорғады. Белсенді пікірталас барысында оқушыларға ЖИТС- тің берілу жолдары мен механизмдері, алдын алу және осы инфекциямен күресу шаралары туралы толық ақпарат берілді.
«Ауырып ем іздегенше,
ауырмайтын жол іздейік!»



