"Қарттарым - асыл қазынам"
Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,
Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!
29 қыркүйек күні 7-сынып жетекшісі Тұяқбай Гүлнұр сынып оқушыларымен бірлесе "Қарттарым асыл қазынам” атты мерекелік кездесу кешін сыйлады. Концерттік бағдарламаны 7- сынып оқушысы Рахымжан Кәусар “Қарттарым” әнімен ашып, көптің қошеметіне бөленді. Ән шырқалып, көркем сөз де оқылды,таң-тамаша қалдырар би де биленді.
Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын ата-әжелеріміз қашанда құрметке лайық. “Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер” - демекші, ата-әжелеріміз оқушыларға ақ жол, ізгі ниет тілектерің білдіріп, ақ батасын берді.





Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.